Жаңалықтар

«КазГЮИУ 20 жыл» мерей тойы шеңберінде академиялық ұтқырлық бойынша Кемерово қаласынан шетелдік серіктестердің келуі

2018 жылдың 15-19 қарашасы аралығында академиялық ұтқырлық бойынша  «Информатика және математика» кафедрасында Т.Ф. Горбачев атындағы КузГТУ өкілдері: институт директоры, т.ғ.к., доцент Стенин Дмитрий Владимирович, «Тау-кен және өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Захаров Сергей Александрович,«автомобиль тасымалдары»кафедрасының доценті, т.ғ.к.,  доцент Косолапов Андрей Валентинович; Сонымен қатар  Кемерова мемлекеттік техникалық университетінен іргелі ғылымдар институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Гудов Александр Михайлович пен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, “ЮНЕСКО-ның ақпараттық есептеуіш технологиялар” кафедрасы меңгерушісі Захаров Юрий Николаевич келді.

Кемерово мемлекеттік университеті мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университеті арасындағы  ынтымақтастықты жүзеге асыру аясында «Информатика және математика»кафедрасында Кемерово мемлекеттік техникалық университетінен іргелі ғылымдар институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Гудов Александр Михайлович «Распределенные базы данных», және «тау-кен және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Сергей Александрович Захаров «Создание индивидуальной математической модели позвоночника по рентгеновским снимкам» тақырыбында студенттер мен доктаранттарға және магистанттарға арнап дәріс оқыды.