Жаңалықтар

КазГЮИУ 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Топ-20» конкурсы

КазГЮИУ-дің  20 жылдық мерейтойына орай «Топ-20»  конкурсы өтті. Конкурс бойынша «Информатика және математика» кафедрасының  меңгерушісі  Карипжанова Ардақ Жумагазиевна «КазГЮИУ қалыптасуына және кәсіби жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан айрықша үлесі үшін»  марапатталды.

«Топ-20» конкурсы бойынша «КазГЮИУ үздік оқытушысы» номинациясымен аға оқытушылар: Ж.Ж.Қайсанова,Б.С. Кудайбергенова,сонымен қатар «КазГЮИУ үздік кураторы» номинациясымен  аға оқытушылар: Г.А.Алханова,Г.Е.Мукашева  және де «КазГЮИУ үздік студенті »  И-417 топ студенті А.Б.Сағымбаев, И-313 топ студенті А.Қ.Кенжаев марапатталды. Жұмыстарыңызға табыс және сәттілік тілейміз!