Жаңалықтар

Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Опубликовано 29.11.2018.

Қараша айының 28 жұлдызында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде Г-119 тобында («Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізілді. Топтың кураторы – Қадырманова А.К., филология кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Г-119 тобының талантты студенттері мерекенің қонақтарын керемет шығармашылық бағдарламамен – әндермен, өлеңдермен, тақырыптық сахналық көрініс қою арқылы қуантты. Іс-шараға ҚазИГЗУ гуманитарлық факультетінің деканы, ф.ғ.д. Сейітова Ш.Б., филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к Мұқажанова Р.М., филология кафедрасының оқытушысы, филология магистрі, Борш К.А., “Жастар саясаты орталығының” маманы Бақтығазин Е, сондай-ақ, Г-311(“География” мамандығы) тобының студенттері қатысты.