Жаңалықтар

«Серпін» жастарының «Аламан» республикалық фестивалі

Опубликовано 30.11.2018.

28.11.2018 жылы Көкшетау қаласында «Мәңгілік ел жастары -индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында  «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Көкшетау қаласында Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында  «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты: «Серпін» жобасы аясында білім алушы студенттердің азаматтық позицияларын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

Аталған шараға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 26 жоғары оқу орындарының, 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

«Аламан» республикалық фестиваліне Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Абдуасилова Ағылай қатысты.

Фестиваль 5 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Мамандығым – мақтанашым» тақырыбы бойынша эссе;
  2. «Таңдаған өңірім – болашағым!» тақырыбы бойынша презентация;
  3. «Өнерлінің өрісі кең» – шығармашылық байқау;
  4. «Менің әлеуметтік жауапкершілігім» тақырыбы бойынша әлеуметтік жоба;
  5. «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы» тақырыбы бойынша пікір-талас.

«Аламан» фестивалінің нәтижесінде Абдуасилова Ағылай  «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері атанып, арнайы сыйлықпен  марапатталды.

Абдуасилова Ағылайды алған марапатымен құттықтаймыз!