ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Серпін» жастарының республикалық «Көшбасшылар мектебі»

Опубликовано 03.12.2018.

2018 жылдың 29-30 қараша күндері Щучинск қаласы, «Discovery- Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында республикалық «Көшбасшылар мектебі» өткізілді.

Щучинск қаласы, «Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында республикалық «Көшбасшылар мектебі» өткізілді.

Іс-шара мақсаты: «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, белсенділер санын арттыру,  сабақтастықты орнату, біліктілігін және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Республикалық «Көшбасшылар мектебі» аясында 5 тақырып бойынша бойынша семинар-тренингтер өткізілді:

  • «Жастар ортасында кәсіпкерлікті және жаңа жобаларды дамыту»;
  • «Тұлғалық өсу және өзіндік сананы қалыптастыру»;
  • «Бүгінгі жаңа медиа және ақпараттық қауіпсіздік»;
  • «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық»;
  • Экстремизм идеологиясының жастар арасында таралуының алдын алу жолдары: тәжірибе және проблемалары».

Аталған  шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Серпін» жастары «Ақапарттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті Шукурханова Балнұр, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Нурлибаев Умрзақ, «Биотехнология» мамандығының 2 курс студенті Сағынбай Рахима және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенті Абдуасилова Ағылай қатысып келді. Сонымен қатар, студенттер тарихи-мәдени ескерткіштер: Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылай хан алаңын аралап, әртүрлі спорттық шараларға белсене қатысты.

Кешкі мезгілде әртүрлі қызықты ойын-сауық бағдарламалары және тимбилдинг өткізілді. Шара соңында қатысушыларға арнайы Сертификаттар табыс етілді.

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірінде болып қайтқан көшбасшылар айқын мақсаттармен қаламызға оралды.