Жаңалықтар

6М070100 «Биотехнология» мамандығының 1 курс магистранттары болашақ ғылыми-зерттеу базаларына айналатын «ҚР Ұлттық ядролық орталығымен» танысу

Опубликовано 04.12.2018.

Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы (директоры Қасымова А.А.), ҚР Ұлттық ядролық орталығы (радиоэкологиялық зерттеулер лабораториясының бастығы Байгазинов Ж.А.), Қолданбалы биология кафедрасының  (б.ғ.к. Тазабаева К.А.) өзара келісімі және КазГЮИУ басшылығының (ректор аппаратының басшысы Курманбаева Ж.А.) қолдауымен 6М070100 «Биотехнология» мамандығының 1 курс магистранттары 2018 жылдың 30 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығымен, яғни болашақ ғылыми-зерттеу базаларымен танысып қайтты.

Магистранттар бірнеше зерттеу лабораторияларының, атап айтқанда аналитикалық зерттеулер бөлімінің (радиохимиялық зерттеулер лабораториясы және анализді ядерлік-физикалық жолмен зерттеу лбораториясы), экожүйені комплексті зерттеу бөлімінің (радиоэкологиялық зерттеулер лабораториясы, эпидемиологиялық және биодозиметриялық зерттеулер лабораториясы) жұмыстарымен танысты. Магистранттар аталмыш сапардан үлкен әсермен, болашаққа деген үмітпен, сеніммен оралды.