ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Хабарландыру

Факультеттер арасында сайыс!

2018 жылдың 11 желоқсанында сағ.15.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан- бақыт мекені» атты үш тілде КазГЮИУ факультеттері арасында интеллектуалды сайыс өтетінін хабарлаймыз.

Байқау қорытындысы бойынша бір факультетке “Үздік факультет” номинациясы  және КазГЮИУ ректорының кубогы беріледі.

Қатысушылар: әр факультеттен  7 студент (әр түрлі курс және мамандықта оқитын)

Мақсаты: студенттердің бойында отаншылдық, бейбітшілік ұғымын қалыптастыру, Отан туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

– Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін үйренуге қызығушылық пен ықыласын ашу.

– Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруге ат салысу.

  • кезең: «Team Presentation» (костюмдер, видео-презентация , ұран, эмблема)

Әр факультет өз командасын ағылшын тілінде сайыс тақырыбына сәйкес таныстырады, факультет эмблемасын қорғайды және үш тілде өз ұранын айтады. Әр команда үшін уақыт 3 минут.

  • кезең: «Lip reading» (сөзді табу)

Бұл ойынға әр командадан 2 студент қатысады. Қатысушылардың бірі музыка ойнап тұрған құлаққап киеді. Құлаққапсыз қатысушы қағазға жазылған сөзді серіктесіне айтады, ал екіншісі, музыканы тыңдай отырып, сөзді табуға тырысады. Айтылған сөзді команда 3 тілге аударады. Әр командаға әр сөзді табуға 15 секунд беріледі.

  • кезең: «Talent of KazHJIU»

Әр команда өзінің өнерін ортаға салады (ән айту, би билеу және т.б. өнер көрсету). Әр топқа 3 мину уақыт беріледі

  • кезең: «Quick response» викторинасы

Сұрақ-жауап. Берілген кестедегі ұяшықтар бойынша сұрақтарды таңдау. Жауап үш тілде болуы тиіс. Әр сұраққа 15 секунд ішінде жауап қайтару қажет.

Қазылар алқасы әр команданы кезеңдер бойынша 2-5 баллдық шкаламен бағалайды және сайыс аяқталғаннан кейін қорытынды шығарады.