Жаңалықтар

КазГЮИУ: Мерейлі 20 жыл

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20 жылдығын мерекелеу апталығы 2018 жылы 12-17 қараша аралығында өтті.

Негізінде, ауқымды жобаны жүзеге асыру наурыз айынан бастау алды. Наурыз мерекесіне орай үлкен қайырымдылық акциясы, бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты және т.б. қала көлемінде іс-шаралар өткізілді.

Апталық 100-ден астам студенттер қатысқан флешмобпен және ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауына үн қату мақсатында «4К» жобасын жүзеге асыру үшін Семей қаласы Білім басқармасымен мемарандумға қол қою және  «Алаштану» ҒЗИ өнімі «Балалар энциклопедиясының»  тұсаукесер рәсімімен басталды.

«Үздік 20» аталымында 20 үздік ғалым, 20 үздік студент, 20 үздік оқытушы, 20 үздік қызметкер  анықталып, оларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

«КазГЮИУ Түлектер қауымдастығы» ҚБ-мен бірлескен Алтын ұяға тағзым – Alumni  КазГЮИУ Mega party» қатысушы университеттің әр жылдардағы түлектері  КазГЮИУ студенттеріне стипендия тағайындау үшін жалпы сомасы 2 млн қаржыны  құйғанын мәлімдеді.  Аталған жоба аясында 2018 жылғы КазГЮИУ студенттерге арналған Хат салынған «Уақыт капсуласы»  орнатылды.

«Жоғары білім беру жүйесі: дәстур және инновация» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Сирия, Болгария, Польша, АҚШ, Үндістан, Түркия, Ресей Федерациясынан әріптес ЖОО ғалымдары қатысып, панельдік дискуссияда жоғары білім беру жүйесінің түйінді мәселелері жайлы өз ойларымен бөлісті.

Апталықтың  қорытынды іс-шарасы – Абай атындағы муздрама театрында өткен  КазГЮИУ Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген салтанатты отырысы.

Салтанатқа облыстың, қаланың мемлекеттік атқауршы органдарының, құқық қорғау, сот-прокуратура, жұмыс берушілер, әріптес ЖОО ректорлары мен ғалымдары, КазГЮИУдің еңбек ардагерлері, қоғам және БАҚ  өкілдері , түлектер мен студенттер, профессор-оқытушылар қауымы, қызметкерлер қатысты. Жиналғандар алдында университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Құрманбаева Шырын Асылханқызы баяндама жасап, өз сөзінде «Мерейлі мерекенің баршамызға ортақ екендігін, іс-шараның басты мақсаты – КазГЮИУдің 20 жылдық құрметіне қоғам алдында есеп беру » – деп атап өтті.

Осы уақыт аралығында 40мыңнан астам түлектер КазГЮИУ дипломының табыс кепілі екенін дәлелдеп, республиканың түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Университеттің бүгінгі қалыптасуына Шығыс өңірінде танымал, ірі оқу орынына айналуына осында еңбек ететін әрбір адамның үлесі бар. Жоғары Кәсіби білікті мамандар даярлауға және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін 21 оқытушылар мен қызметкерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен және 9 қызметкер Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапатталды.

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың грамотасымен – 6; Облыс әкімінің орынбасары Ә.Б.Түсіпованың  грамотасымен – 15; Қала әкімі Е.Б.Сәлімовтың құрмет грамотасымен – 31 оқытушы – қызметкерлер марапатталды.

Бұдан басқа, 120-дан астам профессор-оқытушылар, қызметкерлер «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне 20 жыл» мерекелік медальінің иегері атанды.  КазГЮИУдің  бірқатар түлектері  «КазГЮИУдің құрметті  түлегі»  төс белгісімен, жұмыс беруші серіктестер мерекелік медальмен марапатталды. Салтанатты ҚР еңбек сіңірген қайраткері К.Төленбаева, А.Бекбосынов, А.Бекмағамбетова, Әскери кафедра хоры, «Серпін-Семей» домбырашылар ансамблі әдемі  әуенге бөлеп, мерекелік көңіл-күйді көтере білді.

Мерейтойлық іс-шаралар еліміздің егемендігінің бастауында жүргізілген шұғыл да, батыл реформаларды жүзеге асыру үшін ашылған оқу орнының 20 жылда білім беру ғылыми және мәдени орталық ретінде қалыптасқан айқын көрінісін нық келбетін паш етті. Келешек дамуының жаңа сатысына көтерілгенін айғақтады.