Жаңалықтар

Интеллектуалды факультетаралық “Қазақстан-бақыт мекені” атты сайысы

Опубликовано 13.12.2018.

2018 жылдың 11 желтоқсанында КазГЮИУ факультеттерінің арасында көптілді білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Қазақстан – бақыт мекені” атты интеллектуалды үш тілдік сайысы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты-студенттердің бойында патриоттық сезімді, бейбітшілікті және толеранттылықты қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің Отан туралы білімдерін кеңейту.

Байқауға қатысушыларын келесі білікті әділ-қазылар алқасы бағалады:

  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым орталығының директоры Қасымова Әсем Аленовна
  • КазГЮИУ-дің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Кафтанджиев Христо
  • “КазГЮИУ бизнес инкубатор” орталығының басшысы Смагулов Диас Ернұрұлы

“Ректор кубогы” үшін қызу күрес болып өткен байқау 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең: “Team Presentation” (факультетті ағылшын тіліндегі таныстыру)

2 кезең: “Lip reading “(сөзді табу)

3 кезең: “talent of KazHJIU” (музыкалық нөмірлер)

4 кезең: “Quick response” (викторина)

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін өзіндік бейне-сәлемдесу, сөйлеу мәдениеті, тіл байлығы, ағылшын тілінде стилистикалық-сауатты сөйлем жасай білу, сапалы музыкалық безендіру сияқты көрсеткіштер бойынша бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының бағалауына сәйкес көп ұпай жинаған команда “Жеңіпмаз” болып марапатталды.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

  • Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің атынан шыққан “ITEF: simple key to life” командасы “Ең үздік факультет-2018” номинациясы бойынша 1-ші орынға ие болып ректор кубогын ұтып алды.
  • Заң факультетінің намысын қорғаған “Legal Team” командасы “Ең талантты факультет” номинациясымен марапатталды және 2-ші орынға ие болды.
  • Гуманитарлық факультет атынан шыққан “Unity” командасы “Ең тапқыр факультет” номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды.

Жеңімпаздарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.