ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Патриоттық әндер» байқауы

Опубликовано 14.12.2018.

12 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Патриоттық әндер» байқауы өтті.

12 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Патриоттық әндер» байқауы өтті.

Жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатындағы іс-шара. Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, вокалдық өнерін дәріптеуге және өнерге деген құштарлығын арттырды.

Байқауға қатысушылар «Туған жер», «Атамекен», «Отан Ана»  тақырыбында әндер шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңында әділ қазылар алқасының бағалауымен Заң факультетінің  1 курс студенті Ахметжанов Аслан байқау жеңімпазы атанды. Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған өнер байқауына қатыс­қан­дар арнайы сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды.