Жаңалықтар

“Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый”

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Гуманитарлық факультет,  “Шет тілі: екі шетел тілі” мамандығының 2-курс студенттері  тарихымызды ұлықтап, тәуелсіздік үшін күрескен аға-әпкелерің еске алу мақсатында “Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый” атты  кеш ұйымдастырып, өткізді. Аталған шараға  студенттер, ұстаздар және университетіміздің құқықтық мәселелері  мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жөніндегі проректоры Янаки Стоилов қатысты.

Студенттер өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқып, театрландырылған көрініс көрсетті. Сондай-ақ, кеш студенттеріміздің орындауларындағы  әуезді, әсем әндерімен жалғасын тапты.