Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді

Опубликовано 14.12.2018.

2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай гуманитарлық факультеті филология мамандығының Г-429 топ студенттері және топ кураторы, ф.ғ.к. Ш.А.Доскееваның ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселерді талдау.

Тәрбие сағатына гуманитарлық факультет деканы, ф.ғ.д. Ш.Б.Сейітова, философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты М.М.Түйебаев, филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Р.М.Мұқажанова, п.ғ.к. Н.Қ.Тлебалдина, ф.ғ.к. Г.Т.Әбікенова, PhD докторанты Қ.Қ.Тұрсынханова, магистр А.Серікбек және Г-423, Г-323, Г-129, Г-123 топ студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген ірі жоба жөнінде өз пікірлерін білдіріп, жан-жақты білімдерін көрсетіп, мақала төңірегінде пікір алысып, ой бөлісті.Тәрбие сағатының соңы студенттердің патриоттық әніне ұласты.

Ашық тәрбие сағатынан студенттер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы туралы жан-жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой-пікірлерді әрі қарай жоғары дәрежеде, заманауи түрде жаңаша көзқараспен іске асырады деген ойдамыз.