Жаңалықтар

«Педагогика және психология» кафедрасы мамандықтарының түлектерін жеңістерімен құттықтаймыз

2018 жылдың 14 желтоқсан күні КМҚМ «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде» ШҚО-ның кәсіби және техникалық білім беретін оқу мекемелерінің педагог-психологтары арасында талантты, шығармашыл, кәсіби құзіреттіліктерді меңгерген мамандарды анықтау үшін «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГЫ» облыстық сайысы өтті.

«Педагогика және психология» кафедрасы 5В010300 – «Педагогика және психология» және 6М010300 «Педагогика және психология» мамандықтарының түлектері аталған сайыста өздерінің кәсіби жоғары деңгейлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Сайыс үш категория бойынша өткізілді:

Еңбек өтілі 1 жылға дейін категориясында 1 орынды – Адамзатова А.Ж- «Жақия Чайжунусов атындағы Электротехникалық колледжі»;

Еңбек өтілі 1 жылдан 3 жылға дейінгі категориясында 3 орынды –  Кулакова А.С- «Семей колледжі»;

Еңбек өтілі 3 жыл және одан жоғары категориясы бойынша 1 орынды – Бабаева Д.Н. КМҚМ «Электротехникалық колледж» педагог – психологы иеленді.