Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы Erasmus+ сайысының нәтижелері

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде сайысқа қатысу үшін ағылшын тілінен емтихан өтті. Оқу Қаржы және басқару Жоғары мектебінде (Польша Республикасы, Белосток қ.) 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде (Польша Республикасы, Белосток қ.) ағылшын тілінде тегін жүргізіледі. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті бірнеше жылдан бері еуропалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Соның арқасында біздің студенттер жыл сайын түрлі халықаралық оқу бағдарламаларына қатысады.

Емтихан екі кезеңде өтті: тестілеу және сұхбаттасу. Емтиханға “Экономика”, “Қаржы” мамандығының студенттері қатысты:

1) Индира Советжанкызы (Э-230)

2) Аяулым Алиасқарқызы (Э-229)

3) Сайфуллин Тагир  (Э-218)

4) Айнара Ардаққызы (Э-317)

Емтихан нәтижесі бойынша грантқа 5В050600 “Экономика” мамандығының 2 курс студенті Сайфуллин Тагир ие болды.

Жеңімпаз стдентімізді құттықтап, жарқын болашақ, биік шыңдардан көрінуді тілейміз!!!