Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын өтті

Опубликовано 17.01.2019.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты  2019 жылдың 14-17 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Тиімді оқыту: оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулі бойынша мектеп мұғалімдері, ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде нормативтік-құқықтық актілермен, жаңа сабақ беру әдістемесімен, жаңарту шеңберінде білім беру ерекшеліктерімен танысты.

Курсты педагогика ғылымдарының кандидаты Шолпан Шәкәрімқызы Әбішева өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде сабақ беру және критерийлік бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Курсқа ШҚО облысының мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.