Жаңалықтар

Құрметті студенттер!

Опубликовано 21.01.2019.

Біздің ЖОО-да студенттерге қызмет көрсету орталығы (ары қарай СҚО) өз жұмысын бастайтындығын назарларыңызға ұсынамыз.

Студент СҚО сайтынан http://con.semuniver.kz өтініштерді толтыру тәртібімен, қажетті құжаттар мен өтініштер үлгісімен таныса алады.

Орталық қызметі:

  • Өтініштерді қабылдау және тіркеу;
  • Өтініштерді қарастыру және өңдеу;

Студент:

  • СҚО сайтынан өтініш бланкілерін басып шығарып, толтырып факультет деканатына / студенттерге қызмет көрсету орталығына өткізе алады;
  • сайтта ұсынылған үлгі бойынша өтініш жазып факультет деканатына / студенттерге қызмет көрсету орталығына өткізе алады;
  • факультет деканатына / студенттерге қызмет көрсету орталығына тікелей өтініш өткізе алады.

Өтініш тізімдері:

  1. Жеке мәліметтерді өзгерту туралы өтініш
  2. Академиялық демалысты рәсімдеуге арналған өтініш
  3. Академиялық демалыстан шығу туралы өтініш
  4. Өз еркімен оқудан шығу туралы өтініш
  5. Ауыстыру туралы өтініш (басқа жоғары оқу орнына, ЖОО ішінде басқа мамандыққа, өзге оқу түріне, басқа бөлімге)
  6. Қайта қабылдану туралы өтініш (КазГЮИУ оқудан шығарылғандар үшін)
  7. Қайта қабылдану туралы өтініш (өзге ЖОО оқудан шығарылғандар үшін)
  8. Оқудан босату туралы өтініш
  9. Студенттерді іс-сапарға жіберу туралы өтініш
  10. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін алу туралы өтініш
  11. Сынақ кітапшасы/студенттік билеттің телнұсқасын алуға өтініш
  12. Мұрағаттық анықтамаға өтініш

Байланыс мәліметтері:

Мекенжайы: Семей қ., Ленин к-сі, 11, 3 қабат, 20 кабинет

Тел.: +7(7222) 63-40-69, 32-13-96 (ішкі 114)

E-mail:  con@mail.ru