Жаңалықтар

КазГЮИУ гуманитарлық факультетінде мультимедиалық-лингафондық кабинет ашылды

Опубликовано 23.01.2019.

2019 жылдың 22 қаңтарында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде университет ректоры Шырын Асылханқызының және ректор аппараты мен университет әкімшілік мүшелерінің қатысумен мультимедиалық-лингафондық кабинет ашылды. Кабинет меңгерушісі болып филология кафедрасының аға оқытушысы Изатова А. Б тағайындалды. Ол кабинеттің ашылуы  барысында   аталған кабинеттің көп функционалды мүмкіншіліктерін көрсетіп таныстыру жұмыстарын жүргізді. Лингафонды кабинет  16 орынға арналған, мұнда  жеке құлаққаптар мен интернет желісіне қосылған компьютерлер, оқытушының студенттердің лингафонды бөлімдерін  арнайы  коммутатор көмегімен басқаратын  компьютері бар. Және де кабинетте үлкен диагональді орталық компьютерге қосылған теледидар орналасқан. Университет ректоры Шырын Асылханқызы аталған кабинет болашақта  “Шет тілі:екі шет тілі” мамандығы студенттеріне сапалы білім беруде одан әрі дамуға үлесін қосады деп үміт артты. Кабинеттің ашылуына қатысқан университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мультимедиалық-лингафондық кабинеттің мүмкіншіліктерін, құрал-жабдықтарын қарап, өз бағаларын берді.