Жаңалықтар

Көптілді білім беру орталығында КазГЮИУ оқытушылары арасында “GREAT MINDS” сайысы өтті

Опубликовано 07.02.2019.

2019 жылдың 5 ақпанда Көптілді білім беру орталығында ағылшын тілі курстарына қатысатын КазГЮИУ оқытушылары арасында “GREAT MINDS” сайысы өтті.  Байқаудың басты мақсаты оқытушылардың ынтасын шет тілдерін оқуға бағыттау, сондай-ақ өткен оқу тақырыптарды бейресми формада ойындар мен сайыс көмегімен шолып өту болды.

Байқау 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең: «Топты таныстыру»

Екінші кезең: «GREAT MINDS» викторинасы

Бұл кезеңде командалар алдында ағылшын тілінде әр түрлі салалардан сұрақтарға жауап беру міндеті тұрды.

Қатысушылар үш топқа бөлінді. Жеңімпаздар жинаған ұпай саны бойынша анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша:

1 орынға  «Sun» командасы иеленді”

2 орын – «Scholars»

3 орын –  «Friendship»

Қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.