ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Баскетболдан «Ректор кубогы»

Опубликовано 11.02.2019.

10 ақпан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде дайындық бөлімі мен факультеттер арасында баскетболдан «Ректор кубогы» үшін дәстүрлі жарыс өтті.

Университет басшылығының қолдауымен өткен Жастар жылына арналған алғашқы спорттық іс-шараны дайындық бөлімінің ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Жарысқа оқу орнымыздың барлық факультеттерінің, өзіміздің және Шәкәрім атындағы университеттің дайындық бөлімдерінен құралған 10 ерлер және қыздар командалары қатысты.

Аса тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша, жігіттер арасында 1 орынды – ақпараттық технология және экономика факультетінің бірінші командасы иемденсе, 2 орынды осы факультеттің екінші командасы алды. 3 орынды Шәкәрім атындағы университетің дайындық бөлімінің жігіттері еншіледі.

Қыздар  арасындағы сайыста 1 орынды – гуманитарлық факультеттің, 2 орынды – дайындық бөлімі, 3 орынды – Шәкәрім атындағы университеттің командалары алды.

Жарыс соңында барлық жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға ректордың атынан дайындық бөлімінің меңгерушісі Мұрат Тлегенұлы құттықтау дипломдары мен медальдарды, сондай-ақ «Ректор кубогын» табыс етті.