Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Опубликовано 19.02.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қаласы) Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған  Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар қатыса алады.         Конференция 2019 жылдың  19  наурыз күні өткізіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

  1. «Қылмыстың алдын-алуы: қылмыстық құқықтық, криминологиялық, қылмыстық іс жүргізушілік және криминалистикалық аспектілері» (жауапты хатшы: Темиргазин Р.Х., e-mail: temirgazin@gmail.com)
  2. «Азаматтық құқық ғылымының дамуындағы қазіргі тенденциялары мен өзекті иәселелері: теориялық парадигмалардан тәжірибеге дейін» (жауапты хатшы: Сейфиева А.М., e-mail: asem_semey2008@mail.ru )
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік – құқықтық институтын жетілдіру: теория және тәжірибе» (жауапты хатшы: Сайдуллаев Е.А., e-mail: ernar_saidullaev@mail.ru)
  4. «Қазақстандық жастарды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруда адам капиталын дамытудың экономикалық компоненті» (жауапты хатшылар: Тахтаева Р.Ш., e-mail: rimmatahtaeva@mail.ru; Омарбаева А.К., e-mail:   omarbayeva96@mail.ru);
  5. «Жастар жылы аясындағы Қазақстан қызметін жүзеге асырудағы қаржы құралдары: теориясы, механизмдері және статистикалық көрсеткіштері» (жауапты хатшы: Молдажанов М.Б., e-mail: mmarat84@inbox.ru)
  6. «Денсаулық сақтау және заманауи жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» (жауапты хатшы: Айтжанова А.Д.,   e-mail: ayaulym__1992@mail.ru)
  7. «Жаратылыстану ғылымдары және  қазіргі заман: мәселелері мен зерттеулер перспективалары» (жауапты хатшы:  Ахметжанова А.М., e-mail:  ayaulym1994@inbox.ru)
  8. «Цифрлік білім беру технологиялары; өнеркәсіпке цифрлік технологияларды енгізу: жас ғалымдар позициясы» (жауапты хатшы: Наурызбаев Б.А., e-mail: Nbacom_1989@mail.ru )
  9. «Қазіргі қоғамдағы психологиялық-педагогикалық ғылым және мәдениеттің мәселелері» (жауапты хатшы: Кононов Н., е-mail: kazguiupp@gmail.com )
  10. «Бәсекеге қабілетті маман даярлау қазіргі білім берудің мақсаты ретінде» (жауапты хатшы: Кононов Н., е-mail: kazguiupp@gmail.com, )
  11. «Студенттік ғылым контексіндегі тарих және географияның өзекті мәселелері» (жауапты хатшы:, е-mail: )
  12. «ҚР жастар саясаты: әлеуметтік үрдістер және мәселелер» (жауапты хатшы: Султанова А.М., е-mail: araisultanova93@gmail.com )
  13. «Қазіргі заманғы көптілді білім берудің мәселелері мен болашағы» (жауапты хатшы: Искакова Д.Н., e-mail: tuleshova_k2@mail.ru)

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама материалын 2019 жылдың наурыздың 05 дейін кешіктірмей  конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың электронды пошталарына жіберілу қажет.

Конференцияның пленарлық отырысы ҚазИГЗУ басты әкімшілік ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Мәңгілік ел 11 к-сі, (салтанат залы), 4-қабат, сағат 10.00.

Өтінімдер мен баяндама тезистерін электронды пошта бойынша бір хабарламамен жібере алады («Хабарлама тақырыбында» – «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің конференциясына ___ (қатысушының тегі)___»). «Хабарлама тақырыбын» орыс тілінде толтыруыңызды сұраймыз, өйткені пошталық бағдарламаларда қазақ тілі қаріптері танылмайды.

Бір автордан (авторлар тобынан) секцияда сөз сөйлеу үшін бір баяндама тезисі ғана қабылданады.

Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар:

3 беттен (беттері нөмірленбейді) аспайтын материал барлық жағынан 2,0 см қалдырылып, «Word» мәтіндік редакторымен, «KZ Times New Roman» немесе «Times New Roman» кеглімен, №12 шрифт және 1 интервалмен терілуі тиіс. Баяндаманың тақырыбы жол ортасында бас әріптермен, 1 бос интервалдан кейін жол ортасына авторлардың аты-жөндері, университеттің атауы,қаласы жазылуы тиіс. 1 бос интервалдан кейін автордың тобы, курсы және мамандығы көрсетіліп, 2 бос интервалдан соң абзац арқылы мәтін жалғасады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1, 33-б.], әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен рәсімделеді.

Конференция материалдары қағаз және электрондық нұсқаларда шығарылады.

Мақаланы бастырып шығару құны 500 теңге. Бұл шығынға электронды нұсқада жинақ материалдарын дайындау мен конференцияны ұйымдастыру кіреді. Семей қаласының жүлдегерлері жинаққа төлемақыны секциялар бойынша жауапты хатшыларға береді. Өзге қала қатысушы-жүлдегерлері төлемақыны қалаға келген кезде немесе КазИГЗУ-тің төменде көрсетілген есеп-айырысу шотына жібереді:

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

БИН 980440002042

Кбе 17

РНН 511700061447

ИИК KZ249260301112931003

БИК KZKOKZKX

Басқа қалалардан қатысушылардың жол, тұру және тамақтану шығындарын қатысушыларды жіберу жағы төлейді.

Конференцияда баяндама жасау туралы барлық сұрақтар бойынша қатысушылар тиісті секциялардың жауапты хатшыларға хабарласуы сұралады.

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ

КОММУНИКАТИВТІ ТАКТИКАЛАРДЫҢ РӨЛІ

 

Еликбаев А.Б.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы

211 тобы, 2 курс, мамандық «_____»

 

Баяндама тезистерінің мәтіні

 

Өтініш формасы

  1. Қатысушының аты-жәні
  2. Оқу орны
  3. Тобы, курсы және мамандығы
  4. Ғылыми жетекшісі (аты-тегі, ғылыми дәрежесі (атағы)
  5. Телефон, e-mail
  6. Баяндаманың тақырыбы
  7. Секциясы
  8. Қатысу формасы (тікелей немесе сырттай)
  9. Техникалық жабдықтар (иә, жоқ)
  10. Түбіртекті (есеп айырысу шотына төленгенде) қоса тіркеу
  11. Тұратын орынмен қамтамасыз ету (иә, жоқ)