Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 19.02.2019.

2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында алғашқы біріккен ММА жекпе-жек түрінен Қазақстан чемпионаты өтті. Қазақстанның әр өңіріндегі облыстық чемпионаттарда іріктеуден өткен ең мықты спортшылар бақ сынаған, «Алматы Арена» мұз кешенінде өткен дүбірлі додада ШҚО құрама командасы атынан қатысқан 4 курс студенті Жусупова Шынар – алтын жүлдеге ие болып, Қазақстан чемпионы және университетіміздің түлегі Сархад Нұрсауле – күміс жүлдегер атанды.

Жаттықтырушылар: «Қолданбалы биология» кафедрасының аға оқытушылары Саелдинов Сансызбай Сембінұлы және Омарбеков Аслан Қайратұлы.