Жаңалықтар

Республикалық біліктілікті арттыру курстары өтті

Опубликовано 19.02.2019.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты Филология кафедрасымен бірге 2019 жылдың 13 ақпаны мен 15 ақпаны аралығында «Жобалау технологиясы: әдіснамасы, ұйымдастыру жолдары, нәтижесі» модулі бойынша мектеп мұғалімдері, ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған Республикалық біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында тыңдаушылар жобалау әдістемесімен, технология ерекшеліктерімен танысты.

Курсты филология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің доценті Салима Симбаева өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – оқу мен оқыту процесіне жобалау технологиясын енгізудің әдіснамасын талдау, жүзеге асырылу жолдарын көрсету.

Курсқа Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.