ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыКәсіптік бағдар

КазГЮИУ оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

Опубликовано 21.02.2019.

20.02.2019 жылы қаламыздағы жалпы білім беретін  № 3 орта мектеп оқушылары мен ата – аналарына Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің  оқытушылар құрамы  қаламыздағы жалпы білім беретін №3  орта мектепте өткен «Ашық есік» күніне қатысты.    Кездесу барысында  мектеп   бітіруші түлектер мен ата-аналары  мамандық таңдаудағы түрлі сұрақтарын қойды. Университетіміздің белсенді студенттік өмірі мен академиялық ұтқырлық бойынша шетелде оқуға мүмкіндік беретін артықшылықтары  түлектердің  студенттерінің қызығушылығын тудырды. КазГЮИУ –  ҚР Қарулы күштеріне запастағы офицерлер даярлайтын Әскери кафедрасы бар  бірден бір университет болғандықтан, бір қатар мектеп бітіруші түлектер   біздің университетке таңдау жасағанын білдірді. Түлектердің  ҰБТ – ға  дайындалудың  ең тиімді тұстарын КазГЮИУ репетиторлық мектебінің  өкілі түсіндіріп, ақпарат берді.   Университет оқытушылары кездесу  барысында  түлектерге табысты тұлға болу үшін жоғары оқу орнын таңдауда қателеспеу керектігін түсіндірді.Таңдау – Сізден, Сапалы білім – Бізден!