ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбында ашық әңгіме

Опубликовано 27.02.2019.

2019 жылдың 14-ші және 18-ші ақпан күндері аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің барлық факультеттерінде «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбында Семей қаласы дін істері бөлімінің мамандарымен ашық әңгіме өтті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде қала дін істері бөлімінің маманы Мақсат Ерланұлы студент жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта әңгімелер қозғады. Мақсат Ерланұлы қаламыздағы діни ахуалды тереңірек хабарлай келе, терроризмге қарсы күрес жұмыстары жөнінде айтты.

Семинарда студенттерге дін саласындағы аймақтық ақпараттар мен түсіндірмелік топтардың қызметін жетілдіру бойынша парақшалар таратылды.