Жаңалықтар

«The Role of Social Media in Modern Society» атты дебат сайысы өтті

Опубликовано 27.02.2019.

2019 жылдың 21 ақпан күні Көптілді білім беру орталығында «The Role of Social Media in Modern Society» тақырыбында 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-3 курс студенттері арасында дебат сайысы өтті. Қазіргі заманда өмірді компьютерсіз, ақпараттық технологияларсыз және интернетсіз елестету өте қиын, себебі олар біздің өмірде ерекше орын алып үлгерді. Әлеуметтік желілер үлкен қолданыс алуда. Пікірталас барысында студенттер әлеуметтік желілерді жақсы және жаман жақтарын анықтап дискуссияға салды. Студенттер екі топқа бөлінді. Әр топ өз ойларын қорғап – “жақтау” немесе “қарсы” пікірді ұстану керек болды.

Дебатқа келесі топ студенттері қатысты:

курс: Г-119 Г-120

2 курс: Г-219   Г-220

3 курс: Г-319   Г-320

Қатысушалардың пікірталасын халықаралық  SES қызмет орталығының маманы Питер Штрубен (Германия мемлекеті) бағалап жеңімпаз топты анықтады.

Қорытынды шешім бойынша дебатта әлеуметтік желілердің пайдасын қолдап шыққан  “For” тобы жеңіске жетті.

Сайыс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.