ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Опубликовано 27.02.2019.

2019 жылдың 21-22 ақпан күндері аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Жастар жылына» арналған студенттер арасында Тоғызқұмалақ ойыны өтті.

  Жарысқа 30-дан астам спортшылар қатысты. Әр спортшыға бір партияға рапид- 15 минут уақыт берілді.

Ойын қорытындысы бойынша: 

Ерлер арасында: 1 орынды Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 1 курс студенті Дауренов Дамир иеленсе, 2 орынды Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 1 курс студенті Испаналы Аслан алды.

Қыздар арасында: Гуманитарлық факультетінің 2 курс студенті Копберген Ақерке жеңімпаз атанса және 2 орынды Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 1 курс студенті    Тохтабақыт Ақмарал алды.