Жаңалықтар

Ауған жерінен шығуының 30 жылдық мерейтойымен құттықтау

Опубликовано 28.02.2019.

14 ақпан 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректор аппаратының жетекшісі Құрманбаева Ж.А., ректордың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Базенов  А.Б. әскери кафедрада еңбек етіп жүрген Ауған соғысының ардагерлері «Жауынгерлік қызыл ту» орденінің кавалері, «Ерлігі үшін» медалінің иегері запастағы подполковник Б.Нұржауовты  және отставкадағы майор А.Манасовты Совет әскерлерінің Ауған жерінен шығуының 30 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін арнайы келді. Әскери кафедра жеке құрамы салтанат залына жиналып ардагерлерді мерекелерімен құттықтады және сол жерде ректор аппаратының жетекшісі Құрманбаева Ж.А. әскери кафедра бастығы подполковник М. Егенбердиевқа тәжік-ауған шекарасын қорғаушылар қоғамының атынан «Қазақ батыры» медалін,  подполковник Б.Нұржауовқа Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне  20-жыл мерейтойлық медалін, майор А.Манасовқа еңбекте жеткен жетістіктері үшін грамота және университет ректоры атынан басқада сыйлықтар тапсырды.