Жаңалықтар

«Болашақтың мамандығы»

Опубликовано 28.02.2019.

27.02.2019 ж. қаламыздағы жалпы білім беретін № 47 орта мектептің бітіруші  түлектерімен кездесу өтті

Болашақтың мамандығын таңдауда өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу үшін қаламыздағы жалпы білім беретін № 47 орта мектептің бітіруші  түлектерімен кездесу өтті. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің кәсіптік бағдар беру орталығының ұйымдастырған «Болашақтың мамандығы» атты кездесуі  – әскери кафедра базасынан басталды. Мектеп бітіруші түлектер әскери техникалардың құрылымы мен пайдалану әдісімен танысты. Ақпараттық технологиялар және экономика факультетіндегі  зертханалармен танысқаннан  кейін заң факультетіндегі сот сараптамасы зертханасында болды. ҰБТ – ға дайындалудың тиімді жолдарын КазГЮИУ репититорлық мектеп мамандары түсіндірді. Сынақ және тест  уақытындағы өзінің қорқынышын  жеңу басымдықтары туралы  педагогика және психология кафедрасының оқытушылары тренинг жүргізді. Бизнес – Инкубатордың жетістіктері мен команда жұмысын түсіндіру үшін  КазГЮИУ студенттері оқушылармен пікір алмасу жүргізді. Болашақтың мамандығы жайлы ақпарат алған оқушылар университет оқытушыларына алғыстарын айтты.