Жаңалықтар

«Информатика және математика» кафедрасының эдвайзерлері элективті пәндер тізімінің көрсетілімін өткізді

Опубликовано 01.03.2019.

2019 жылдың 25-28 ақпан аралығында «Информатика және математика» кафедрасының эдвайзерлері  5В071800 “Электр энергетикасы”» , 5В073200″Стандарттау және сертификаттау” , 5В090100 “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”», 5В060200″ Информатика”, 5В070400 “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”,5В070300″Ақпараттық жүйелер” мамандықтары бойынша қазақ және орыс топтарының студенттеріне 2019-2020 оқу жылына элективті пәндер тізбегін танытырды.

Презентация барысында білім алушылар 2019-2020 оқу жылына элективті пәндермен және олардың баламаларымен танысты. Кездесу барысында кафедраның аға оқытушысы Ж. Ж. Қайсанова элективті пәндердің мақсаты, міндеттері, мазмұны және оларды оқыту барысында қалыптасатын құзыреттіліктер туралы айтып өтті.

Элективті пәндер каталогымен бірге оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында модульдік білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілді. “Денсаулық сақтаудағы IT” білім беру траекторияларының ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды, оқыту траекторияларын таңдау мүмкіндіктері түсіндірілді, оқу процесінің мазмұны мен құрылымын реттейтін оқу-әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру принциптері баяндалған.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Құрманбаев Е. А., кафедраның аға оқытушылары-оқу топтарының кураторлары Джакупова Б. Ы. қатысты. Оқытушылар студенттердің сұрақтарына жауап берді.