Жаңалықтар

«ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ-БОЛАШАҚ МАМАН» семинар

Опубликовано 05.03.2019.

15 наурыз, 2019 жылы сағат 16:30-да Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің  «Информатика және математика» кафедрасында «ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – БОЛАШАҚ МАМАН» атты презентациялық семинар өтеді.

Іс-шара мақсаты: Кафедра мамандықтары бойынша элективті пәндердің мазмұнын қарастыру; оқу жоспарларын уақытылы түзету; жұмыс берушілердің сұраныстарын есепке алу; еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерге сәйкес мамандарды даярлау құрылымын өзгерту; практикадан өту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттерді нақты жұмыс орындарында практикалық оқыту мәселелерін талқылау; жұмыс берушілермен әріптестік қарым-қатынас орнату; жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы студенттерге объективті ақпарат беру.

Өткізілетін орны: Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң  университеті, №2 ғимарат  (Абай көшесі, 107), 211 ауд.

Өткізілетін күні: 15.03.2019

Өткізілетін уақыты: 16:30