Жаңалықтар

Назар аударыңыздар!

Опубликовано 07.03.2019.

Шығармашылық сайыс жарияланады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында

«ХХI ғасырдагы гуманитарлық білім және халықтың рухани мұрасы»

атты гимназия, мектептердің 11-сынып оқушыларына арналған аймақтық

шығармашылық жұмыстар сайысын ұйымдастыратынын хабарлайды.

Сайыс жеңімпазы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, гуманитарлық факультетінің филологиялық мамандықтарында  жеңілдікпен оқи алады.

Сайыс бағдарламасында:

  1. Жекелеген салалар бойынша ғылыми жоба сайысы.
  2. Мектеп бағдарламасы көлемінде таңдаған мамандық пәнінен тест сұрақтарына жауап.

Сайысқа қатысу туралы өтініш және шығармашылық жұмыстар тақырыбы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, гуманитарлық факультетінің филология кафедрасына 2019 жылдың 26 – наурызына дейін жіберілуі тиіс (Электрондық немесе қағаз нұсқасында).

Әділқазылар алқасының ұсынысы негізінде сайыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҚазИГЗУ-де 1 – оқу жылында жеңілдікпен оқу сертификатына ие болады.

  • І орын 100 % жеңілдік;
  • ІІ орын 50 %жеңілдік;
  • ІІІ орын 10%жеңілдік.

Сайысқа қатысқан оқушылар мен жетекшілері мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталады. Сайыскерлер еңбектері ҚазИГЗУ-де шығарылатын арнайы жинаққа енеді.

Жазбаша тестілеу жобалар қорғалуы және қорытынды 2019 жылдың 28 наурызында төмендегі мекенжай бойынша өтеді. Шмидта көшесі, 44 үй, ҚазИГЗУ-дің №3 оқу ғимараты.

Тіркелуі: 8 – 30

Басталу уақыты 9 – 00

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:

8 775 629 17 96; 8 775 403 32 30; 8 777 543 07 17

e-mail: foreign-russian-philology@mail.ru