Жаңалықтар

КазГЮИУ-да көптілді білім берудің дамуы

Опубликовано 11.03.2019.

Ағымдағы жылдың 18-і және 26-шы ақпан аралығында біздің университетке екіжақты халықаралық келісімшарт аясында шақырылған, Халықаралық Аға Сарапшылар Қызметі SES (Германия) орталығының аға сарапшысы Петер Штрубен келді.

Петер Штрубен ағылшын тілі әдістемесін оқытуда үлкен тәжірибеге ие. ҚазГЮИУ оқытушылары көптілді білім беру аясында ағылшын тілін тиімді оқытудың жаңа әдістемелерін оқуға мүмкіндік алды. Бір апта бойы Петер Штрубен студенттерге ағылшын тілін жүргізді. Сонымен қатар, “5В011900 Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 1-3 курс студенттері арасында өткізілген “The role of social media in modern society” атты дебатта бас сарапшы болды.

Апталық сапар аяқталғаннан кейін П. Штрубен студенттер мен ұстаздардың тілдік құзыреттілігінің сапасын жақсарту, сондай-ақ ҚазГЮИУ Көптілді білім беру орталығының белсенді дамуы бойынша ұсыныстар қалдырды.