Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Опубликовано 13.03.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті “Шет тілін оқытудың тиімді әдістері мен технологиялары” халықаралық семинары 27 наурыз 2019 ж. (шетел тілдерінің оқытушылары үшін) өтетіні туралы хабарлайды.

Семинарды Жаңа Болгар университетінің профессорлары өткізеді.

Дәріскерлер туралы мәліметтер:

Милка Хаджикотева, PhD, Жаңа Болгар университетінің доценті (София қ., Болгария Республикасы). ESP және EFL курстарын, сондай-ақ шет тілдерін оқыту лингвистика және методология бойынша курстарды жүргізеді. Негізгі ғылыми зерттеу бағыты: шетел тілдерін оқыту әдістемесі, риторика, семиотика, ауызша және жазбаша аударма, философия.  Бірқатар шетел университеттерінде маманданудан өтті: Мачерат (Италия) және Лидс Беккет (Ұлыбритания) университеттерінде дәріс оқыды.

Мария Нейкова, PhD, Жаңа Болгар университетінің доценті (София қ., Болгария Республикасы). Арнайы мақсаттағы үшін шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша әртүрлі курстар жүргізеді. Ғылыми қызығушылығы: аралас оқыту контекстінде бағдарлы тәсілді қолдану.

Семинар мақсаты:

  • Шет тілін оқытудың теориялық және әдістемелік тәсілдерін зерттеу;
  • Шет тілі оқытушының кәсіби қызметінің ерекшеліктерін оқу;
  • Оқу сабақтары мен оқушылардың өзіндік жұмысы үшін тілдік және сөйлеу материалдарын іріктеу және ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру .

Қатысушылардың күтілетін нәтижелері:

Білім мен іскерліктер: жеке тұлғаға бағытталған және сараланған тәсілдерді ескере отырып, оқытудың әртүрлі формалары мен тәсілдерін, сондай-ақ оқытудың қазіргі заманғы әлеуметтік және ақпараттық технологияларын қолдана білу.

Бағдарлама тілі– ағылшын, орыс тілі

Өтетін орны: КазГЮИУ  Бас ғимарат, Мәңгілік Ел көшесі, 11, Салтанат залы.

Семинарды өткізу уақыты: 27 наурыз 2019 ж., сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

Бағдарлама аяқталғаннан кейін:

– “Шетел тілін оқытудың тиімді әдістері мен технологиялары” бағдарламасы бойынша (36 сағат) Жаңа Болгар университетінің сертификаты беріледі;

– “Шет тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану” бағдарламасы бойынша (36 сағат) КазГЮИУ сертификаты табысталады.

Семинарға қатысу құны: 5 000 теңге

Бағдарламаға алдын ала телефон арқылы жазылу (2019 ж. 18 наурызына дейін):

+7 (7222) 360199 ішкі.

+ 7 777 283 35 93 (Аяулы Алтынбекқызы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы)

mussabaeva.ayauly@mail.ru

laura180898@mail.ru

КазГЮИУ Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23 Кабинет.