Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Опубликовано 13.03.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті ” Көптілді білім беру аясында ағылшын тілінде пәндерді оқыту әдістемесі” халықаралық семинары 28 наурыз 2019 ж. (шет тілдерден тыс оқытушылары үшін) өтетіні туралы хабарлайды.

Семинарды Жаңа Болгар университетінің докторлары өткізеді.

Дәріскерлер туралы мәліметтер:

Милка Хаджикотева, PhD, Жаңа Болгар университетінің доценті (София қ., Болгария Республикасы). ESP және EFL курстарын, сондай-ақ шет тілдерін оқыту лингвистика және методология бойынша курстарды жүргізеді. Негізгі ғылыми зерттеу бағыты: шетел тілдерін оқыту әдістемесі, риторика, семиотика, ауызша және жазбаша аударма, философия.  Бірқатар шетел университеттерінде маманданудан өтті: Мачерат (Италия) және Лидс Беккет (Ұлыбритания) университеттерінде дәріс оқыды.

Мария Нейкова, PhD, Жаңа Болгар университетінің доценті (София қ., Болгария Республикасы). Нақты мақсаттар үшін шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша әртүрлі курстар жүргізеді. Ғылыми қызығушылығы: аралас оқыту контекстінде бағдарлы тәсілді қолдану.

Семинар мақсаты:

  • Көптілді білім беру аясында ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту ерекшеліктерін талдау және ағылшын тілінде оқу процесін жобалау, сондай-ақ ағылшын тілінде пәндерді оқуға білім алушылардың уәждемесін арттыру.
  • Тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін оқу материалдарын іріктеу және бейімдеу бойынша практикалық дағдыларды, көптілді топтарда оқытуды жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру

Қатысушылардан күтілетін нәтижелері:

Білім мен іскерліктер: жеке тұлғаға бағытталған және сараланған тәсілдерді ескере отырып, оқытудың әртүрлі формалары мен тәсілдерін, сондай-ақ оқытудың қазіргі заманғы әлеуметтік және ақпараттық технологияларын қолдана білу.

Бағдарлама тілі-ағылшын, орыс тілі

Өтетін орны: КазГЮИУ Бас ғимараты, Мәңгілік Ел көшесі, 11, Салтанат залы.

Семинарды өткізу уақыты: 28 марта 2019 г., сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін

Бағдарлама аяқталғаннан кейін:

– ” Көптілді білім беру аясында ағылшын тілінде пәндерді оқыту әдістемесі” бағдарламасы бойынша (36 сағат) Жаңа Болгар университетінің сертификаты беріледі;

– ” Көптілді білім беруді енгізу: тәжірибе, мәселелер, даму бағыттары” бағдарламасы бойынша (36 сағат) КазГЮИУ сертификаты табысталады.

Семинарға қатысу құны: 5 000 теңге

Бағдарламаға алдын ала телефон арқылы жазылу (2019 ж. 18 наурызына дейін):

+7 (7222) 360199 ішкі нөмір.

+ 7 777 283 35 93 (Аяулы Алтынбекқызы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы)

mussabaeva.ayauly@mail.ru

laura180898@mail.ru

КазГЮИУ Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23 Кабинет.