Жаңалықтар

Дөңгелек үстел «Еңбек нарығы мен ЖОО-ның өзара қарым-қатынасы» (қолданбалы биология кафедрасы)

Опубликовано 18.03.2019.

2019 жылдың 15 наурызында қолданбалы биология кафедрасында «Еңбек нарығы мен ЖОО-ның өзара қарым-қатынасы» тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты қазіргі таңдағы еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, түлектеріміздің алатын білімдерінің практикалық маңыздылығын күшейтіп,  кафедра мамандықтарының модульді оқыту бағдарламасын жаңарту.

Дөңгелек үстелде жалпы орта мектеп, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, әр түрлі бағыттағы мекемелер: ЖШС «Тамаша Сауда, КХ «Каликанулы», ЖШС «Асер», ЖШС «Кондиз» өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын академиялық сұрақтар бойынша департамент басшысы Нургазина Р.С. ашты. Қолданбалы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Тазабаева К.А. жұмыс берушілерді кафедраның оқу бағдарламасымен таныстырды.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде еңбек нарығының жаңа талаптарына мен мектептің жаңа бағдарламасына сәйкес жаңа пәндер тізімін құрастыру шешімі қабылданды.