Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық жүзеге асырылуда

Опубликовано 26.03.2019.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өту мақсатында Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетіне Ресей Федереациясының Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті мен Алтай мемлекеттік университеті студенттері келді. Бірінші күні ресейлік студенттер «Банк Центр Кредит» АҚ Семей қаласындағы филиалына барып, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызмет ету жүйесі мен халыққа көрсететін қызмет түрлерімен танысты.

Екінші күні студенттер ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  және кәсіпкерлер Палатасының Семей қаласындағы филиалының жұмысымен танысты және  бір күндік танысу тәжірибесінен өтті. Тәжірибе аяқталғанда ұйым басшысы студенттерге  сертификаттар табыстады.