Жаңалықтар

«Цифрлік білім беру технологиялары,өнеркәсіпке цифрлік технологияларды енгізу:жас ғалымдар позициясы»

Опубликовано 27.03.2019.

2019 жылдың 19 наурызында «Информатика және математика» кафедрасында ҚР Жастар жылына арналған Х Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы бойынша «Цифрлік білім беру технологиялары,өнеркәсіпке цифрлік технологияларды енгізу:жас ғалымдар позициясы» тақырыбында секциялық отырыс өтті.

Конференция өткізудің мақсаты – ғылыми, біліктілік, жаңа білім мен технологиялар қарастыру, жүйелеу және тарату болып табылады.

«Цифрлік білім беру технологиялары,өнеркәсіпке цифрлік технологияларды енгізу:жас ғалымдар позициясы»секциясының жұмыс барысында «Информатика және математика» кафедрасының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша келген Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбас мемлекеттік техникалық университеті  және Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті студенттері мен магистраннтары  докладтарын қорғап, презентацияларын көрсетті.

Секция жұмыстарының қорытындысы бойынша I-ші дәрежелі дипломмен «Информатика және математика» кафедрасының 5В070400″ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”мамандығының И-214 тобының студенті Маликов Нұртас марапатталды.