Жаңалықтар

Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің және Алтай мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған дәріс

Опубликовано 29.03.2019.

14-20 наурыз аралығында КузГТУ және АлтГУ студенттері КазГЮИУ-да тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында “Экономика және менеджмент” кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Ж.Т.Атабаев “ТКШ жүйесін басқару” кейсін талқылау және таныстыру, оқытудың интерактивті әдістері бойынша сабақ өткізді. Сонымен қатар студенттерге “ойлау стереотипі емес” атты тақырыпта 4 тапсырма және “EVA негізінде басқару”есептік тапсырма ұсынылды.

Сонымен қатар, 18 наурыз күні “Экономика және менеджмент” кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы А.Аманбаева “Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың болашағы” тақырыбында КузГТУ және АлтГУ студенттеріне дәріс оқыды.

Студенттерге “Экономика.Менеджмент.Қаржы” бағыты бойынша 36 сағат көлемінде тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификат табысталды.