Жаңалықтар

Жастар жылына арналған X Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы

Опубликовано 29.03.2019.

2019 жылы 19-20 наурызда Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Қазақстан Республикасындағы жастар жылына арналған  X Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты-білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелерінің нәтижелерін ұсыну және талқылау; жастардың ғылыми ой-өрісін қолдау және дамыту; білім алушылардың ғылыми қызметін жандандыру.

Жыл сайынғы студенттік конференция студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін, инновациялық идеяларын талқылайтын және тәжірибеде жүзеге асырылатын дәстүрлі алаңына айналды. Мерейтойлық іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелдерден 20-дан астам білім беру мекемелерінен 450-ден астам білім алушы қатысты, олардың ішінде: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана),  М. Есболатов атындағы  ІІМ Академиясы (Алматы), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар),М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда), Ө. М. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай), Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, АМУ (Ресей), НМАҚУ (Ресей), КузМТУ (Ресей), НМЭжәнеБУ (Ресей), НМТУ (Ресей), РХШАжәнеМҚГ(Ресей) және т. б.

Конференция жұмысы пленарлық отырыс өткізуді және ғылымның әр түрлі бағыттары бойынша 12 секцияның қызметін қамтыды.

Пленарлық отырыста М. Есболатов атындағы ІІМ Академиясының курсанттары, Алтай мемлекеттік университетінің (Ресей), Т. Ф. Горбачев атындағы Кузбас мемлекеттік техникалық университетінің (Ресей), Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің (Ресей) студенттері баяндама жасады.

Секциялық отырыстар аяқталғаннан кейін конференция қорытындысы шығарылып,  1,2,3 дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Конференция қорытындысы бойынша 5 томдық конференция материалдарының жинағы шығарылды.

Жалпы қорытынды. Орын