Жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – БОЛАШАҚ МАМАН

Опубликовано 29.03.2019.

2019 жылдың  15 наурызында  Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің  «Информатика және математика» кафедрасында «ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – БОЛАШАҚ МАМАН» атты презентациялық семинар өтті.Семинар барысында кафедра мамандықтары бойынша элективті пәндердің мазмұны қарастырылып,жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы студенттерге объективті ақпарат берілді.Іс-шараға кафедра меңгерушісі Құрманбаев Е. А., кафедраның аға оқытушылары мен  жұмыс берушілер,студенттер  қатысты.

Іс-шара мақсаты: Кафедра мамандықтары бойынша элективті пәндердің мазмұнын қарастыру; оқу жоспарларын уақытылы түзету; жұмыс берушілердің сұраныстарын есепке алу; еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерге сәйкес мамандарды даярлау құрылымын өзгерту; практикадан өту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттерді нақты жұмыс орындарында практикалық оқыту мәселелерін талқылау; жұмыс берушілермен әріптестік қарым-қатынас орнату; жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы студенттерге объективті ақпарат беру.