ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

“Көптілді білім беру аясында пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі”

Опубликовано 03.04.2019.

Қазіргі уақытта көптілді білім беруді дамытуға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.  2019 жылы 28 наурызда ҚазГЮИУ базасында тілдік емес мамандықтардың оқытушыларына арналған “көптілді білім беру аясында ағылшын тілінде пәндерді оқыту әдістемесі” тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинар, Жаңа Болгар университетінен келген, шетел ғалымдарының қатысуымен өткізілді: PhD, доцент Милка Хаджикотева және PhD, доцент Мария Нейкова (София қ., Болгария Республикасы).

Семинар аясында келесі сұрақтар талқыланды:

– көптілді білім беру аясында арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту ерекшеліктері;

– ағылшын тілінде оқу үдерісін жобалау;

– ағылшын тілінде пәндерді оқуға білім алушылардың уәждемесін арттыру;

– тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін оқу материалдарын іріктеу және бейімдеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Көптілді білім беру аясында қолданылатын әдістер мен технологияларды зерттеуге, студенттердің өз кәсіби саласына деген қызығушылығын арттыруға және ағылшын тіліндегі терминологияны оқуға ынталандыруға ерекше көңіл бөлінді. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі әдістерін қарастырып, A2 деңгейіне арналған мәтінді қолдана отырып сабақтың фрагментін әзірледі.

Семинар қатысушылары көптілді топтарда оқытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар алды.