Жаңалықтар

Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің жетекші ғалымы профессор М. А. Морозов КазГЮИУ-де дәріс өткізді

Опубликовано 06.04.2019.

1-5 сәуір аралығында Морозов Михаил Анатольевич, экономика ғылымдарының докторы, профессор, “Операциялық менеджмент” тақырыбы  бойынша КазГЮИУ магистранттарына дәріс оқыды.

Сабақ барысында талқыланған негізгі сұрақтар:

– өндірісті басқарудың әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістері қаралды;

– кәсіпорынды басқарудың нақты модельдері мысалында операциялық менеджмент элементтері;

– кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру көрсеткіштері.

Цифрлі экономика жағдайында заманауи кәсіпорындардың дамуына ерекше назар аударылды.