Жаңалықтар

Психикалық дамуында тежелуі бар балаларды білім беретін ортаға кіріктіруді психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдау

Опубликовано 06.04.2019.

2019 жылдың 28 наурызында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары: Дакина Г.Т., Акименко Н.К., докторанттары: Орынгалиева Ш.О., Рахимжанова Н.А., Оспанова Б.Қ. ғылыми жоба аясында қаламыздың КММ № 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектебінде «Психикалық дамуында тежелуі бар балаларды білім беретін ортаға кіріктіруді психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдау» тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізді. Семинарға 4 курс студенті Мазанбекова Меруерт те белсене қатысты. Семинар барысында қала мектептерінің педагог-психологтарымен заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті болып табылатын мәселелер талқыланды. Семинарды ұйымдастырушылар тарапынан психологтарға ПДТ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарына байланысты әдістемелік көмек көрсетілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, алдағы әріптестік тұрғыда атқарылатын іс-шаралары жоспарланды.