Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушылары Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын өтті

Опубликовано 11.04.2019.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты  2019 жылдың 1 сәуірінен 10 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақстан тарихы және құқық негіздері», «Биология және Жаратылыстану», сондай-ақ «Ағылшын тілі» пәндері бойынша мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде нормативтік-құқықтық актілермен, жаңа сабақ беру әдістемесімен, жаңарту шеңберінде білім беру ерекшеліктерімен танысты.

Курстарды Ф. Гайнуллина, Л. Жампеисова, Р. Кабышева, А. Жуманиязова сынды университеттің білікті оқытушылары өткізді.

Курстардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде сабақ беру және критерийлік бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Курсқа ШҚО облысының мектеп мұғалімдері және колледждер оқытушылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.