Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 12.04.2019.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы « Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы” №32 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 1-10 сәуір аралығында Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының қолдауымен және филология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының тікелей қатысуымен  қаланың және қалаға жақын маңдағы мектептер мен колледждердің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары мен мұғалімдеріне «Ағылшын тілі мұғалімдерінің тілін және кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында курс өткізіледі.

Курсты филология кафедрасының аға оқытушылары, гуманитарлық ғылымдар магистрлері Р.Кабышева мен  А.Изатова өткізеді.

Осы курста шет тілін оқыту, әсіресе, ағылшын тілін меңгерудің ең өзекті және жан-жақты мәселелері қарастырылады. Шет тілін меңгеру барысында сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақ жоспарларын құрастыру, мәтінді талдау, түпнұсқалық бейне және аудио материалдарды пайдалану үшін ағылшын тілінің сыныптарында топтық жұмыс түрлерінің өзгермелілігі сияқты мәселелерге назар аударылады.