Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 15.04.2019.

2019 жылдың 25 сәуір айында сағат 14.00 КазГЮИУ заң факультетінде (Семей қ. Абай көш. 94) «Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес заңгерлерді  дайындау үшін білім бағдарламаларын жаңғырту» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты әлеуметтік әріптестік стратегиясын жүзеге асыру контекстінде заң мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелерін талқылау, сондай-ақ жоғары білім беруді одан әрі кәсібилендіру мәселелері болып табылады.

Дөңгелек үстелге КазГЮИУ заң факультетінің профессорлық оқытушылар құрамы және ШҚО ІІД Семей қ. ІІБ қызметкерлері, Семей қ. №2 соттың өкілдері, Семей көлік прокуратурасы өкілі, мамандандырылған әкімшілік сот пен кәмелетке толмаған істер бойынша ауданаралық сот өкілдері,  Әділет басқармасы өкілі, Семей қ. Ішкі саясат бөлімі және ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша резолюция және ұсыныстар қабылданады.