Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 17.04.2019.

2019 жылдың 5-10 сәуір аралығында Семей қаласында, ҚазИГЗУ спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасында қалалық чемпионат өтті. Қаланың ең мықты құрама командалары бақ сынаған дүбірлі додада ҚазИГЗУ ерлер командасы екінші орынға ие болды. Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары келесідей номинациялармен марапатталды: «Үздік қорғаушы», «Үздік жабуылшы», «Үздік ойыншы». «Үздік ойыншы» номинациясына ҚазИГЗУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Иманов Ернұр ие болды.

Команда құрамы:

  1. Иманов Е. (И-325 тобы)
  2. Аргынбеков А. (И-321 тобы)
  3. Болаткалиев А. (Э-218 тобы)
  4. Бекбулатов Е. (Ю-112 тобы)
  5. Тынышпаев Е. (И-313 тобы)
  6. Кану А. (И-225 тобы)
  7. Жанибек К. (И-227 тобы)
  8. Оралбаев А. (И-313 тобы)
  9. Қадырбай Т. (И-117 тобы)
  10. Ашманов Е. (И-325 тобы)
  11. Файзрахманов Р. (Ю-214 тобы)

Жаттықтырушы: «Қолданбалы биология» кафедрасының аға оқытушысы Руслан Хайрулин.