Жаңалықтар

Құттықтаймыз!!!

Опубликовано 17.04.2019.

2019 жылдың  14 сәуірінде Семей  қаласында NOMAD MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа ҚазИГЗУ құрама командасы қатысып, 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлделерге ие болды:

Советкалиев Дастан,  И-125б тобының 1 курс студенті 56 кг салмақ дәрежесі бойынша 2019 жылғы NOMAD MMA Қазақстан чемпионы атанды;

Мухаметқалиев Амантай, И-227 тобының 2 курс студенті 60 кг салмақ дәрежесі бойынша 2019 жылғы NOMAD MMA Қазақстан чемпионы атанды;

Рамазан Шыңғыс, И-327 тобының 3 курс студенті 2019 жылғы NOMAD MMA Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды;

Советкалиев Рустем, И-125б тобының 1 курс студенті 2019 жылғы NOMAD MMA Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

ҚазИГЗУ құрама командасы Қазақстан Республикасының намысын 2019 жылғы Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Жаттықтырушы: «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушысы Аслан Омарбеков.