Жаңалықтар

«ЖОО – жұмыс беруші: тиімді серіктестіктің перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Опубликовано 17.04.2019.

2019 жылдың 5 сәуірінде «Қаржы және есеп», «Экономика және менеджмент» кафедралары «ЖОО – жұмыс беруші: тиімді серіктестіктің перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты жұмыс берушілермен өзара қызметтестік аясындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша стратегиялық бағыттар мен тәжірибелік жұмыстарды талқылау.

Кездесу барысында көтерілген мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша экономикалық бағыттағы (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Қаржы, Есеп және аудит) мамандарды дайындауда, түлектердің құзыреттілігін қалыптастыруда жұмыс берушілер тарапынан, мамандарды даярлауда  білім беру бағдарламасына «Консалтинг және ілеспе көрсетілетін қызметтер», «Бизнес және активтер құнын бағалау» пәндерін енгізу ұсынылды.