Жаңалықтар

Әскери кафедраға іріктеу толық жургізілуде

Опубликовано 18.04.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің Әскери кафедрасына 2019-2020 оқу жылына студенттерді іріктеуді басталды. Қазіргі уақытта 334 үміткер құжаттарын тапсырды (1 орынға 3 адамнан). Биылғы жылы, бұрынғыдай, студенттерді іріктеу конкурсы тамыз айының 1-і 20-сы өтеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бекіткен жоспарына сәйкес іріктеу талаптары  үміткердің жасы 24-тен  төмен емес, медициналық тексеруден өткен, кәсіптік- психологиялық тестілеу, дене шынықтыру дайындығы және конкурс рейтингілік баллдармен есептелуіне сәйкестендіріледі.

Жастардың КазГЮИУ-ді таңдауының бір себебі – Әскери кафедраның қуатты материалдық-техникалық базасы және білімді оқытушылар құрамы болуы. Бұл – университеттің  және Әскери кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамының  ауылдық және қалалық мектептерде өткізген мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмыстарының қорытындысы.  Әскери кафедра жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы болып отыр.  Білім беру және «Шығыс» өңірлік басқармасымен белсенді қызмет атқарады.   Ұлы Отан соғысының ардагерлері кафедраның жиі қонақтары болып табылады. Қаланың жалпы білім беретін орта мектептері мен колледждерінің түлектері  әскери кафедраның ұйымдастырған  «Ашық есік күндеріне» және іс – шараларына белсене  қатысады.